г.Астана, ТЕМИРБЕК ЖУРГЕНОВ, 30/1
57-45-14
Бiз туралы

№ 66 «Толағай» балабақшасы

Астана қаласы, Алматы ауданында 2013 жылы 2 ші ақпанда № 66 «Толағай» балабақшасы ашылды.                                                   

Орналасқан жері: Қазіргі Т. Жүргенов көшесі 30/1. Мамандандырылған бұл балабақша 350 орынға арналған. Балабақша қазақ  тілінде жұмыс жасайды. Қосымша би, каратэ, құм терапия, тұзды шахта, логопед, қара шаңырақ, робототехника, интеллектум үйірмелері бар.

Балабақша 14 топтан, 6 шағын орталықтан тұрады. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес , сондай-ақ «Болашақ» корпортивтік қорының «Әрбір бала мектепке лайықты » жобасын іске асыру аясында және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзияны қолдау кабинеттер желісін ұлғайту мақсатында

«Әрбір бала мектепке лайықты » жобасы енгізіліп , ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін №66 “Толағай” балабақшасы меңгерушісінің бастамасымен, аталмыш балабақшада инклюзияны қолдау кабинеті 2023жылдың қыркүйек айында ашылды.

Біздің балабақша тәрбиеленушілері қалалық, Республикалық жарыстар мен сайыстарға қатысып жүлделі орындар алып жүр.  

 

 Балабақша меңгерушісі Э.Д. Усембаева көптеген алғыс хат және грамоталармен марапатталды. Балабақшамызда жоғарғы, бірінші, екінші санаттағы және педагог-модератор, педагог – сарапшы, педагог — зерттеуші тәрбиешілер жұмыс жасауда. Педагогтардың барлығы қайта даярлау курстарынан өтті.

 

 

Послание Президента
Государственные символы