г.Астана, ТЕМИРБЕК ЖУРГЕНОВ, 30/1
57-45-14
Мектеппен SABAQTASTYQ

Педагогикалық «SABAQTASTYQ» жобасы

«Мектепке бейімделудің маңызы»
Мақсаты: Баланың мектепке бейімделу мәселесін көтеру

Семинар:
«Баланы мектепке бейімдеу»
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру

Дөңгелек үстел:
«Баланың жеке даму картасының маңызы»
Мақсаты: Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында балалардың жеке даму картасының толтырылуын талқылау

«Мектепке дайындық: әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар»
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту жұмыстарын күшейту

Шеберлік сынып: «Әлеуметтік дағдыларды дамыту»
Мектепке дейінгі жастағы балалардың топтық жұмысқа, қарым-қатынас жасауға және мектептегі өмірге бейімделуіне арналған ойындар мен әдістерді көрсету

Рөлдік ойындар: «Мектепке барғанда»
Балаларды мектеп өміріне бейімдеу үшін рөлдік ойындар өткізу. Тәрбиешілер балаларға мұғалімдердің мектепте қалай жұмыс істейтінін, тәртіпті қалай сақтайтынын және басқа да әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін ойындар ұйымдастырады

Талдау:
«Әлеуметтік және эмоционалды дағдыларды бақылау»

Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер балалардың әлеуметтік дағдыларын қалай бақылауға және дамытуды үйлестіруге болатынын талқылайды

«Қарым-қатынас дағдылары мен тіл дамыту»
Мақсаты: Балалардың тілдік дағдыларын дамытудың маңызды аспектілерін қарастыру

Тренинг:
«Қарым-қатынас дағдыларын дамыту»

Балалардың дұрыс сөйлеу дағдыларын, өз ойларын еркін жеткізе білуін қалыптастыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерге тіл дамытудағы негізгі әдістер мен жаттығуларды көрсету

Ойындар мен жаттығулар:
«Сөйлем құрау» (Балалар өздері білетін сөздермен сөйлемдер құрады)

Ақпараттық кеңес:

Тіл дамытудағы қиындықтар:
Мектепке дайындық кезінде балалардың тіл дамытуындағы қиындықтар мен оларды шешу жолдарын талқылау

«Баланың психологиялық дайындығы»
Мақсаты: Баланың психологиялық жағдайына мән беру және мектепке психологиялық бейімделуді жеңілдету жолдарын қарастыру

Психологтан кеңес: «Баланың мектепке психологиялық дайындығын қалай тексеруге болады?»
Баланың мектепке психологиялық дайындық деңгейін бағалау, психологиялық қауіпсіздік пен эмоциялық жағдайды қамтамасыз ету тәсілдері

Тренинг:
«Мектепке
бейімделу кезеңіндегі психологиялық дағдылар»
Тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне балалармен психологиялық жаттығулар жүргізу және олардың эмоционалды жағдайын жақсарту әдістерін үйрету

«Шығармашылық жұмыс және мектепке бейімделу»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Шығармашылық шеберлік сабағы:
Балаларға шығармашылық тапсырмалар (сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау) беру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Шығармашылық ойындар:
Балаларға мектепке арналған қызықты және шығармашылық тапсырмаларды орындау (мысалы, «Менің алғашқы сабағым», «Мектеп туралы өлең»)

 

документ

Послание Президента
Государственные символы